Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Эразмус + HARMONEE жобасы аясында жұмыс

Эразмус + HARMONEE жобасы аясында жұмыс

16 Наурыз 2023

6–14 наурыз аралығында Италияның Гаргньяно атты көркем жерінде Милан Университеті үйлестірген Erasmus+ HARMONEE жобасы https://www.harmonee.eu тобының жиналысы өтті.  Жиналысқа Қарағанды медицина университетінің Қоғамдық денсаулық мектебінен Жамантаев Олжас, Болатова Жанерке және Нукештаева Карина қатысты. Қатысушылар «Қоғамдық денсаулық» және «Медико-профилактикалық іс» Консорциумы бағытында әзірленген оқу пәндерінің пилот сессиясын таныстырып өткізді. 

Жалпы, проект аясында 9 модуль әзірленді (Инфекциялық емес аурулардың эпидемиологиясы, аурулардың жаһандық ауыртпалығы және т.б.). Сонымен қатар, әзірленген пәндер аясында 9 ғылыми жұмыстар да таныстырылып ұсынылған болатын.

8-күндік жемісті жұмыс тез өтіп кетті. ЖОО-дың досы, әрі серіктесі Клаудио Колозио  университетіміздің қызметкерлері мен студенттеріне сәлем жолдауда. Қоғамдық денсаулық институты ұжымының әріптестерімен асбестоз бойынша зерттеу жұмыстарын жақын арада бастауға мүмкіндігі болатынына сенуде.


0
810

пікірлер

пікір қалдыру үшін.