Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі

Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі

20 Наурыз 2023

2023 жылдың 10 наурызында Мансапты дамыту орталығы Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарының денсаулық сақтау Басқармаларымен бірлесіп, 2023 жылғы түлектерге жұмысқа орналасу мәселелері бойынша «Бос орындар жәрмеңкесін»іс – шарасын ұйымдастырып, өткізді.

«ҚМУ» КеАҚ академиялық жұмыс жөніндегіпроректоры Қуатбек Қуанышбекұлы Төлеубековсөз сөйлеп, ЖОО-да осындай кездесулер дәстүрге айналғанын атап өтті. Екі тараптың — университет пен жұмыс берушілердің тұрақты үйлесімді бірлескен жұмысы білім сапасына әсер ететінін және біздің студенттер арасынан отандық денсаулық сақтау міндеттеріне бағдарланған жоғары кәсіби кадр резервін құрайтынын атап өтті.

Аталған іс–шараға Денсаулық сақтау саласындағы 50-ден астам ұйым және Ақмола облысы аудандары әкімдіктерінің өкілдері қатысты. Облыстардың денсаулық сақтау басқармалары мен медициналық ұйымдардың басшылары қызықты презентациялар мен бейнероликтермен сөз сөйлеп, түлектерге жас медицина мамандары үшін жасалған жағдайлар туралы, атап айтқанда, әлеуметтік пакеттер–бұл 1 млн теңгеден бастап көтерме ақша, тұрғын үймен қамтамасыз ету, балабақшалар, сондай – ақ өсу перспективалары мен жас мамандардың біліктілігін арттыру мүмкіндіктері туралы айтып берді. Түлектер қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алды. Барлық ұсынылған слайдтар түлектерге жіберілді.

Жәрмеңке аяқталғаннан кейін жұмыс берушілер әр түлекпен жеке кездесіп, ынтымақтастықтың барлық мәселелерін талқылады, тіпті шарт жасасып, өтініштер мен кепілдік хаттар алды.


0
886

пікірлер

пікір қалдыру үшін.