Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Сәтті олимпиада

Сәтті олимпиада

29 Наурыз 2023

2023 жылдың 25-26 наурыз аралығында Астана медицина университетінде базалық медициналық пәндер мен практикалық дағдылар бойынша күндізгі форматта MEDUSE Республикалық олимпиадасы өтті. Біздің университеттің намысын қорғауға «Жалпы медицина» факультетінің 3-6 курс студенттері, атап айтсақ Қапанова Аяна (4-018 топ), Будзевич Валентина (3-035 топ), Оралова Динара (4-031 топ), Калибекова Қарлығаш (6-040 топ), Төлеген Әсем (6-033 топ) және Мирошниченко Аннадан (6-052 топ) тұратын  құрама командасы қатысты. Олимпиада қатысушыларын даярлауға практикалық дағдылар жаттықтырушылары М. В. Тимахович,  А.С. Шмаков және  ішкі аурулар кафедрасының оқытушысы  К.Т. Түсіпбекова өз үлестерін қосты.

   Республикалық олимпиада 3 кезеңнен тұрды: бірінші кезеңге-барлық командалар қатыстып, студенттер негізгі Медицина ғылымдары-физиология, патологиялық анатомия, патологиялық физиология, фармакология бойынша теориялық білімдерін тестілеу түрінде көрсетсе, ал екінші кезеңде студенттер пульмонология, акушерлік және гинекология бойынша практикалық дағдыларын көрсетіп, электрокардиограмманы түсіндірді. Үшінші кезең үш бөлімнен тұрды, онда қатысушыларға әр түрлі медициналық пәндер бойынша кроссворд, ребус және викторина ұсынылды.

   Біздің қатысушылар білімдері мен практикалық дағдыларын керемет көрсетіп, республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша III орынды иеленді.

   Біз студенттерімізбен мақтанамыз, бұл жеңіс олардың дәрігерлік қызметінің табысты бастамасы деп үміттенеміз. Біз студенттеріміздің болашақта «Күресе алуына, ізденімпаз болуына, берілмеуіне тілектеспіз!»


0
985

пікірлер

пікір қалдыру үшін.