Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Шұғыл көмек көрсету бойынша тренингі

Шұғыл көмек көрсету бойынша тренингі

29 Наурыз 2023

2023 жылдың 24 наурызында «Дивера» аймақтық аллергологиялық орталығының базасында орналасқан Қарағанды медицина университетінің ішкі аурулар кафедрасында емхананың мейіргер қызметкерлеріне анафилактикалық шок пен жедел коронарлық синдром кезінде шұғыл көмек көрсету бойынша тренинг өткізілді.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты жедел медициналық көмек көрсету бойынша орта медицина қызметкерлерінің дағдыларын дамыту болды. Тренинг барысында анафилактикалық шоктың жедел қатерлі ағымы, ST сегментінің көтерілуімен жедел коронарлық синдромды қамтитын ситуациялық тапсырмалар талданды.

Барлық қатысушылар симуляциялық сценарийдің жоғары шынайылығын атап өтті. Тұрақты кәсіптік дағдыларды қалыптастыру үшін медицина қызметкерлері жүйелі түрде тренингтер өткізу қажеттігін айтты.


0
852

пікірлер

пікір қалдыру үшін.