Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Кезекті X студенттік фестиваль

Кезекті X студенттік фестиваль

12 Сәуір 2023

«Береке бастау бірлік, ел іші тату тірлік» деген қағидасын ұстанған Қарағанды медициналық университеті биылғы жылы да кезекті X студенттік «Біз – әртүрліміз, Біз – теңбіз, Біз – біргеміз!» фестивалін көңіл толтырарлық дәрежеде өткізді. Бұл фестиваль әрине университетте жастардың бірлігі мен достығын, ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді, сондай -ақ  ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан барлық халықтардың құқығы мен еркіндігінің тең екендігін сөзсіз дәріптейді. Фестивальда студенттердің, деканат қызметкерлерінің және біздің ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамының өте тиімді бірлескен қызметі атап өттілді. Мерекелік іс-шарада бір шаңырақ астында шоғырланған әлемнің түрлі халықтарының салт - дәстүрлерінің, мәдениеті мен әдебиетінің ерекшеліктерін көрсететін нөмірлері ұсынылып, олардың ұлттық әсем билері мен әндері паш етілді. Іс - шараға Өмір туралы ғылымдар институтының информатика және биостатистика кафедрасының белсенді оқытушылары: А.А. Айткенова, К.Э. Мхитарян, А.К. Бражанова, А.И. Такуадина, А.Ж. Сыдыкова, К.Ж. Бадекова және Биомедицина факультетінің 2 курс студенттері: Рахметоллаева Г., Егинбаева Ж., Биомедицина факультетінің 1 курс студенттері: Бигали А., Рахимжанова Д, Сулима А., Шахтай А. әдеби өнері бойынша қатысып, украин халқының мәдениетіне елеулі үлес қосқан, украин әдебиетінің «жарық жұлдызы», ұлы Кобзары Тарас Шевченконың «Лілея» поэмасын асқан шеберлікпен орындап, көрермендердің қошеметіне бөленді. Оқытушылар мен студенттердің бірлескен жұмысын жастармен жұмыс бөлімі атап өтті және "Әдеби өнер" номинациясы бойынша ұжым I дәрежелі дипломмен марапатталды.


0
878

пікірлер

пікір қалдыру үшін.