Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды

Облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды

13 Сәуір 2023

Қарағанды медицина университетінде Ғылым қызметкерлері күніне орай профессор М. Т. Әлияқпаров пен Ф. А. Миндубаеваға Жаңа Қазақстандық қоғам құру ісіндегі табысты еңбегі және облыстың қоғамдық саяси өміріне белсене қатысқаны үшін Алғыс хат табысталды. Бұл марапатты Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтан алды.

 Әлияқпаров Мақаш Тыныштықбайұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Польша медицина ғылым академиясының мүшесі, онкология және радиациялық диагностика кафедрасының еңбек сіңірген профессоры.

Миндубаева Фарида Анваровна – медицина ғылымдарының докторы, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ морфология және физиология кафедрасының профессоры, Халықаралық ғылым академиясының толық мүшесі, академигі.


0
947

пікірлер

пікір қалдыру үшін.