Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
"Ғылым әлемі және жастар: дәстүрлер мен инновациялар"

"Ғылым әлемі және жастар: дәстүрлер мен инновациялар"

17 Сәуір 2023

Өмір туралы ғылымдар институты 2023 жылғы 12 сәуірде Қарағанды медицина университетінде Ғылым күніне орай "Ғылым әлемі және жастар: дәстүрлер мен инновациялар" атты ғылыми-практикалық конференциясы өткізді. Конференцияға Қарағанды медицина университетінің жас ғалымдары, магистранттары мен докторанттары қатысты.

Пленарлық отырыста дәрігерді дайындаудағы әртүрлі ғылыми зерттеулердің  рөлі туралы кеңінен айтылды. Қатысушылардың баяндамаларында әртүрлі ауруларды емдеудің заманауи инновациялық әдістері көрсетілген. Қан айналымы жүйесі ауруларындағы көпсалалы тәсілдің мәселелері, машиналық оқыту әдістерін қолдана отырып, вирусты диагностикалаудың экспресс-әдісімен бағалау және т. б. тақырыптар қозғалды.

Конференцияға қатысушылардың баяндамалары Қарағанды медицина университетінің жас ғалымдарының ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоғары деңгейін көрсетті.


0
830

пікірлер

пікір қалдыру үшін.