Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Патофизиологтар - Халықаралық олимпиада жеңімпаздары!

Патофизиологтар - Халықаралық олимпиада жеңімпаздары!

26 Сәуір 2023

2023 жылдың 21 сәуірінде «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ базасында 1-3 курс студенттері арасында жалпы медицина-1 мектебінің жыл сайынғы халықаралық пәндік студенттік олимпиада өтті.

 Олимпиада 11 секция бойынша өткізілді. «Патологиялық физиология» пәні бойынша біздің «ҚМУ» КеАҚ ар-намысын патология кафедрасының атынан «Альтаир–1» және «Альтаир–2» командалары қорғады, команда құрамында 3 курс студенттері Исмаил Бағдат, Аманқұл Іңкәр, Амантай Әдемі, Әзімхан Жұлдыз, Сегізбаева Ангелина, Мадалиев Шахриер, Нечипоренко Алена, Канибекова Мақпал болды. Студенттердің жетекшілері: «ҚМУ» КеАҚ патология кафедрасының меңгерушісі, профессор Жаутикова Сауле Базарбаевна, қауымдастырылған профессор Абикенова Фатима Самитовна, профессор ассистенттері Жиенбаева Кымбат Мураткызы, Сулейменова Бахыт Маратовна, Барышникова Ирина Александровна, Аринова Сапаркул Махамбеткалиевна. 

Олимпиадада әр түрлі елдердің 15 команда қатысты, оның ішінде Түркия, Грузия, Өзбекстан, Ресей және Қазақстан. Қатысушылар түрлі аурулар мен синдромдардың патогенезі бойынша өз білімдерін көрсетті. Үлкен бәсекелестікке қарамастан, студенттер көрсеткен дағдыларды төрешілер комиссиясы жоғары бағалады: 1 орын «Альтаир-2» командасы, 3 орын «Альтаир-1» командасы иеленді. Команда қатысушылары мен жетекшілері кубоктармен, дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.


0
1060

пікірлер

пікір қалдыру үшін.