Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстанның жоғары оқу орындарымен академиялық ұтқырлық

Қазақстанның жоғары оқу орындарымен академиялық ұтқырлық

27 Сәуір 2023

Жоғары оқу орындары арасында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында АҚ Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «Гигиена және эпидемиология» кафедрасында КеАҚ «Қарағанды медицина университеті» «Қоғамдық денсаулық» мектебінің қауымдастырылған профессоры, м.ғ.к. Г.Н. Талиева 2023 жылдың 3 сәуірден 20 сәуір аралығында ғылыми-тәжірибелік жұмыс жүргізді. Талиева Г.Н. «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасының 4 курс білім алушыларына «Қоршаған орта гигиенасы» пәнінен дәріс оқып, тәжірибелік және студенттердің оқытушылармен өзіндік жұмысын ұйымдастыру бойынша кеңес жүргізді. TBL әдістемесі бойынша «Елді мекендерді жоспарлаудың жобалық материалдарын сараптау» тақырыбында, ЖОО оқу бөлімінің және кафедра қызметкерлерінің, студенттердің қатысуымен ашық сабақ өткізді. 

Академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру профилактикалық пәндерді оқытуда жаңа білімдер мен дағдыларды табысты бөлісуге мүмкіндік береді.


0
741

пікірлер

пікір қалдыру үшін.