Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қарағандылық NIS оқушылары алғашқы медициналық көмек көрсету машығын игерді

Қарағандылық NIS оқушылары алғашқы медициналық көмек көрсету машығын игерді

08 Маусым 2023

5-6 маусым аралыгында Жазғы мектеп аясында қарағандылық NIS оқушылары Қарағанды медицина университетінің Симуляциялық және білім беру технологиялары орталығында болды. Бұл жерде зияткерлер жас геологтардың республикалық олимпиадасы аясында өтетін «Қауіпсіздік техникасы негіздері» жарысына дайындалды. Жаттықтырушы Гулден Идрисованың жетекшілігімен оқушылар тыныс алу және жүрек қызметі тоқтағанда, сүйек сынғанда, буын шыққанда, дене көгергенде, күйгенде, уланғанда және жәндіктер немесе улы жылан шаққанда көрсетілетін алғашқы көмек түрлерімен танысып, тәжірибеден өтті. 

Практикалық дағдыларды орында және нәтижеге қол жеткізу үшін медициналық құралдар, тренажер/манекендер, сынық кезінде иммобилизацияға арналған Крамер, Дитерихс шиналары, пневмошиналар, дененің әртүрлі бөліктеріне заманауи бір реттік шиналар, гемостатикалық турникеттер, таңғыш материалдар, антисептиктер пайдаланылды. Мектеп әкімшілігі алғашқы көмек көрсету бойынша сабақ алуға мүмкіндік берген Қарағанды медицина университетінің басшылығына және Симмуляциялық және білім беру технологиялары орталығына алғыс білдіреді.


0
1532

пікірлер

пікір қалдыру үшін.