Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
«2023 жылдың «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Үздік ғылыми қызметкері» байқауына қорытынды жасалды

«2023 жылдың «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Үздік ғылыми қызметкері» байқауына қорытынды жасалды

18 Сәуір 2024

«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ ғылымның дамуына үлес қосқан ғалымдарды көтермелеу, сондай-ақ жас ғалымдарды ынталандыру мақсатында Ғылым қызметкерлері күніне және академик Қ.И. Сәтбаевтың 125 жылдығына орайластырылған «2023 жылдың «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Үздік ғылыми қызметкері» байқауын өткізді.

«Үздік ғалым» және «Үздік жас ғалым» номинациясы бойынша байқауға қатысуға ғылыммен белсенді айналысатын «ҚМУ» КеАҚ штаттық қызметкерлері шақырылды.

Байқауға жалпы саны 9 өтінім келіп түсті, «Үздік ғалым» номинациясы бойынша – 3 өтінім және «Үздік жас ғалым» номинациясы бойынша – 6 өтінім.

Жыл сайынғы «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Үздік ғылыми қызметкері» байқауын ұйымдастыру және өткізу туралы Ережеге сәйкес (2023 жылғы «21» желтоқсандағы «ҚМУ» КеАҚ Сенатының шешімімен бекітілген) Конкурстық комиссия (Басқарма Төрағасы-Ректорының 2024 жылғы «5» сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген) және Апелляциялық комиссия (Басқарма Төрағасы-Ректорының 2024 жылғы «5» сәуірдегі №150 бұйрығымен бекітілген) құрылды.

2024 жылдың 9 сәуірінде Конкурстық комиссияның отырысы өтті, онда Жыл сайынғы «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Үздік ғылыми қызметкері» байқауын ұйымдастыру және өткізу туралы Ережеге сәйкес әрбір үміткердің ғылыми жетістіктерді бағалау көрсеткіштеріне сәйкестігін растайтын ұсынылған материалдары мен құжаттары қаралды. Отырыс аяқталғаннан кейін ұсынылған растаушы материалдар мен құжаттардың ғылыми жетістіктерді бағалау көрсеткіштерінің таңдалған критерийлеріне сәйкестігін тексеру нәтижелері әрбір үміткердің корпоративтік поштасына жіберілді.

2024 жылдың 10-12 сәуірі аралығында әрбір үміткер Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда Апелляциялық комиссияға өтінім беру мүмкіндігіне ие болды. Апелляциялық комиссияның қарауына барлығы 2 өтінім келіп түсті. 2024 жылдың 15 сәуірінде Апелляциялық комиссия мүшелері Жыл сайынғы «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Үздік ғылыми қызметкері» байқауын ұйымдастыру және өткізу туралы Ережеге сәйкес барлық өтінімдерді алқалы түрде қарады. Отырыс аяқталған соң, өтінімдерді қарау нәтижелері үміткерлердің корпоративтік пошталарына жіберілді.

«2023 жылдың «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Үздік ғылыми қызметкері» байқауының үміткерлерінің ғылыми жетістіктерін бағалау көрсеткіштерінің қорытынды балдары бойынша сараланған тізім

0
244

пікірлер

пікір қалдыру үшін.