Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызы
Профессор Р.С.Досмағамбетова жооның ғылыми-зерттеу бағдарламаларын орындауға белсенді қатысып жүр, оның жетекшілігімен он кандидаттық және екі докторлық диссертациялар қорғалды. Р.С.Досмағамбетова «Медицина және экология» журналының редакциялық ұжымының, Еуропаның медициналық білім беру қауымдастығының мүшесі болып табылады.
1995 жылдан бастап жоғары санатты дәрігер терапевт, денсаулық сақтауды ұйымдастырушы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тәуелсіз аккредиттелген сарапшысы, Раушан Сұлтанқызы бірнеше жылдардың ағымында Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының коллегиясының мүшесі, біліктілік санаттарын тағайындау бойынша аттестациялық комиссиялардың мүшесі болып табылады.
Монографиялардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы, 260 астам баспа жұмыстары, ой меншігінің нысандарының мемлекеттік тіркеуінің куәліктері бар.
Р.С.Досмағамбетова – «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының мүшесі, мәдениетті дамыту бағыты бойынша партиялық куратор. Қарағанды облысының облыстық маслихатының депутаты, әлеуметтік-мәдени дамыту және халықты әлеуметтік қорғау бойынша комиссия төрағасының орынбасары.
2002 жылы Қазақстан Республикасының халқының денсаулығын қорғау ісіне жеке үлесі үшін «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау үздігіне» кеуде төсбелгісімен марапатталды. 2005 жылы «Почетный работник образования Республики Казахстан» төсбелгісімен марапатталды. 2010 ж. «Алтын дәрігер» медалімен, 2011 жылы - «Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальмен, 2012 ж. «Ақ жүрек» төсбелгісімен марапатталды. 2013 ж. республиканың денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.