Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Докторанттың Санкт-Петербургтағы ғылыми тағылымдамасы.

Докторанттың Санкт-Петербургтағы ғылыми тағылымдамасы.

05 Желтоқсан 2017

«Медицина» мамандығы бойынша екінші жыл білім алатын докторант  Стабаева Лейла Медеубаевна 2017 жылдың 13 - 25 қараша аралығында клиникаға дейінгі және трансляциялық зерттеу Институтының экспериментальды медицина орталығында ФМБМ «РФ ДСМ  В.А. Алмазов атындағы Солтүстік-Батыс Федеральды зерттеу орталығында» (Санкт-Петербург қ., Ресей) патоморфологиялық лабораторияның меңгерушісі сонымен қатар Л.М. Стабаеваның докторлық диссертациясының ғылыми кеңесшісі, профессор Всеволод Александрович Цинзерлингтің басшылығымен ғылыми тағылымдама өтті.

Бұл ғылыми тағылымдаманың бірнеше көздеген мақсаты болды: зерттеу үшін гистологиялық материалдарды тікелей жинау, зерттеу жұмыстары барысында туындаған әдістемелік және клиникалық сипаттағы барлық қызықтыратын сұрақтарға жауап алу, ФМБМ КТЗО экспериментальды медицина Институтының патоморфологиялық лабораториясының ұйымдастыру және менеджмент аспектілерімен танысу.

Тағылымдама барысында Л.М. Стабаева науқастардың клиникалық мәліметтерін өңдеу және гистологиялық материалдарды жинау үшін Санкт-Петербургтағы  фтизиопульмонология  ҒЗИ патологиялық анатомия бөлімшесінің жанындағы лабораторияға барды, меңгерушісі дәрігер-патологанатом Татьяна Александровна Новицкая.

ҚММУ ректоры, профессор Р.С.Досмағамбетоваға және КТЗО экспериментальды медицина Институтының патоморфологиялық лабораториясының меңгерушісі, профессор В.А. Цинзерлингке, ғылыми кеңесші м.ғ.д., профессор М.М.Түсіпбековаға, сонымен қатар Санкт-Петербургтағы  фтизиопульмонология  ҒЗИ патологиялық анатомия бөлімшесінің жанындағы лабораториясының меңгерушісі дәрігер-патологанатом Т.А. Новицкаяға  жоғары деңгейде ұйымдастырылған тағылымдама үшін ерекше алғысымды білдіремін

0
6193

пікірлер

пікір қалдыру үшін.