Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Балаларға мейірімділік көрсет!

Балаларға мейірімділік көрсет!

05 Ақпан 2016

Құрметті қызметкерлер,резиденттер,интерндер, ҚММУ студенттері!

Сіздерді Қарағанды қаласының балалар үйі үшін ұйымдастырылған «Балаға кітап сыйла» атты науқанына шақырамыз. Балалар үйінің  7-ден – 16 жасқа дейінгі тәрбиеленушілеріне,  кіші мектеп жасындағыларға арналған  (суреті бар ертегілер, қоршаған орта, жануарлар мен өсімдіктердің  тануға арналған танымдық әдебиет), сонымен қатар орта мектеп жасындағылар үшін (қысқаша суретті әңгімелер және т.б.) көркем балалар әдебиеті керек.

Науқан 01.02.2016 ж. 29.02.2016 ж. дейін өткізіледі. Балалар үйінің кітапханасы қолдану үшін  тегін басылымдарды беруге  төмендегі мекенжайларға келіңіз.  

Кітаптарды мына мекенжай бойынша Гоголь көшесі,40, 126 кабинет сағ.9.00-ден 18.00-ге дейін, сонымен қатар №3 ішкі аурулар кафедрасы, мекенжайы: Ерубаев көшесі, 41-43, Облыстық клиникалық аурухана, терапевтикалық бөлім.

 Қызықтырған сұрақтар болса немесе қосымша ақпарат үшін №3 ішкі аурулар кафедрасының ассистенті Шалыгина Анна Андреевнаға 87479372805 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Балалардың сізге алғыспен қарауы – сіздің мейірімділігіңіз үшін  берілген ең үлкен сый!

Үздіксіз кәсіби дамыту факультеті 


0
10184

пікірлер

пікір қалдыру үшін.