Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Хабарландыру!

Хабарландыру!

05 Шілде 2016

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі басшылығының шешіміне сәйкес Әуе қорғанысы күштері әскери институтының әскери-медициналық факультетінде (Ақтөбе қ.) оқыту үшін курсанттарды қабылдау іске асырылады. Оқыту жоғары медициналық білім бағдарламасына сәйкес (5+2) келесі мамандықтар бойынша:

-  Әскери дәрігер (жалпы практика);

-  Әскери дәрігер (хирург);

-  Әскери дәрігер (терапевт) жүргізіледі.

Бакалавриатта оқуды бітіргеннен кейін (5 жыл) курсанттарға алғашқы офицерлік атақ «медицина қызметінің лейтенанты» беріледі, олар интернатурада
(2 жыл) оқуды жалғастырады.

Оқуды аяқтағаннан кейін мамандар одан әрі қызметін өткеру үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдері мен мекемелеріне жолданады.

Әскери-медициналық факультетте оқыту ақысыз негізде жабдықталымның барлық түрімен қамтамасыз етілумен (киім-кешек мүлкімен, тамақтанумен, монша-кір жуу қызметімен, тегін тұрумен, оқу демалысы кезінде үйіне дейін және кері қарай тегін жүрумен, медициналық қамтамасыз етілумен) жүргізіледі.

Әскери-медициналық факультетке қабылдау мәселелері бойынша университеттің әскери кафедрасына хабарласуға болады: Қарағанды қ., Алалыкин көшесі,7

тел.:8(7212)50-39-30 (қосымша 1404,1405)

Облыстық жиын орны, кезекші телефоны – 56-25-01  Подполковник Әбдікешев Нұржан Нәріпбайұлы – 8-701-669-63-12

Әуе қорғанысы күштері Әскери институты

әскери-медициналық факультетінің бастығы,

медицина қызметінің подполковнигі

Қолдашев Сәулет Мұқарапұлы (Ақтөбе қ.) – 8-747-721-84-57,

  8-777-528-29-22 


0
9257

пікірлер

пікір қалдыру үшін.