Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Құрметті «Жалпы медицина» мамандығының 4-курс студенттері!

Құрметті «Жалпы медицина» мамандығының 4-курс студенттері!

02 Тамыз 2016

Аристотель Университетімен (Солоники, Грекия) академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуға шақырамыз!

*Келесі ақпарат алдын ала беріліп  отыр және бағдарламаның талаптары мен шарттарында өзгерістер болуы мүмкін

Алдын ала ұтқырлық шарттары:

Жол ақысы, тұру, виза ашуға кететін шығындар – ҚММУ есебінен

Орын саны: 15

Оқу мерзімі: 1 семестр

Басталу күні: 26 қыркүйек, 2016

Оқу тілі: ағылшын

Серіктес университеттегі пәндер: Хирургиялық аурулар - 15 ECTS, урология 3 - ECTS, ортопедия - 3 ECTS.

ҚММУ-да игеруге тиісті пән: Акушерлік және гинекология. Болжалды игеру мерзімі – 2016 жылдың қыркүйек, желтоқсан айлары.

Осы бағдарламаға қатысу үшін келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

·  Нысан бойынша өтініш;

·  Жеке оқу жоспары (Оқу-әдістемелік жұмыс департаментінің тіркеу офисі);

·  Топ кураторы, факультет деканының орынбасары немесе ғылыми жетекшінің ұсыным хаты

·  Өткен жылғы транскриптінің көшірмесі (Оқу-әдістемелік жұмыс департаментінің тіркеу офисі);

·  Медициналық анықтама (082 үлгі);

·  4 фотосурет 3х4.

Өтініш үлгісі қоса берілген.

Құжаттар ҚММУ Халықаралық ынтымақтастық және Болон бөлімінде қабылданады, Гоголь көшесі, 40.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2016 жылдың 15 тамызына дейін.


0
7794

пікірлер

пікір қалдыру үшін.