Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
ҚММУ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНА ОРНАЛАСУ БОЙЫНША АҚПАРАТ

ҚММУ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНА ОРНАЛАСУ БОЙЫНША АҚПАРАТ

17 Тамыз 2016

«2016-2017 оқу жылына 50% жатақханада тұру ақысын төлеген студенттер тізімі».

Құжаттарды рәсімдеу және жатақханаларға орналасу 2016 жылдың 25 тамызынан 31 тамызына дейін жүргізіледі.

01.09.2016 жылдан бастап жатақханаға нақты орналасуға болады.

Талапкерлерге ол үшін студенттер қатарына тіркелгеннен кейін (қабылдау комиссиясында):

·  ҚММУ құжаттамаларды басқару бөліміне (2016 жылдың 25 тамызынан 31 тамызына дейін): жатақханадан орын беру туралы өтініш; отбасы болған жағдайда отбасы құрамы туралы анықтама; жетімдер үшін (ата-анасының біреуінен немесе екеуінен айырылған жағдайда) ата-анасының өлімі туралы анықтама; отбасында 4 және одан да көп бала болған жағдайда, көп балалы отбасы туралы анықтама (көп балалы отбасының балалары үшін); жеке куәліктің көшірмесін беру қажет.

·  Жатақханаға:

1.  Жатақханадан орын беру туралы жолдама – 1 дана.

2.  Тұрғын үйді жалдау шарты – 2 дана.

3.  Жатақханада тұрғаны үшін төлемақы туралы түбіртек – 1 дана.

4.  Жеке куәлік (көшірмесі) – 1 дана.

5.  Талапкердің 3х4 фотосуреті (түрлі-түсті) – 2 дана.

6.  Педикулездың бар/жоқтығына анықтаманың түпнұсқасы (С.Сейфуллин көш., 17 мекенжайы бойынша орналасқан ҚММУ емханасынан) – 1 дана.

7.  Файл – 1 дана

Жатақханаға орналасатын студенттер алдыңғы тіркелу орнынан шықпай, жалпы тәртіп бойынша бір жылға дейінгі мерзімде уақытша тұру орнында тіркеле алады.

Тіркелу үшін қажетті құжаттардың тізімі

1.  Тұрғын үйді жалдау шарты (түпнұсқасы);

2.  Жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы және көшірмесі);

3.  Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданның салық комитетінің есепшотына ҚР Үкіметі бекіткен мөлшерде (0,1 АЕК) тіркелу үшін мемлекеттік баж алымын төлеу туралы түбіртек;

4.  ЭСҚ (болған жағдайда);

5.  Тіркелуге келер алдында алынған мекенжай анықтамасы;

6.  Тіркелуге келісуді (бланк), келу парағына статистикалық талонды (бланк) талапкер паспортшының қатысуымен ордерді алған кезде толтырады.

7.  18 жасқа толмаған студенттер ҚММУ жатақханаларының бірінде тұрғылықты орны бойынша тіркеу есебіне қою үшін ата-анасының біреуінің атынан (қамқоршысы немесе заңды өкілі) сенімхат ұсыну керек.

Ескерту: Студенттер мен оқушылар заңды өкілінің (ата-анасының біреуі, қамқоршысының) қатысуымен тіркеле алады. Қамқоршы тіркелу кезінде жеке басын куәландыратын құжаттан басқа, заңды өкілі құқығын растайтын құжатты ұсынады (түпнұсқасы мен көшірмесі).

16 жасқа толмаған азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттар: ЖСН бар туу туралы куәлік, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты.

16 жастан бастап азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттар: Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты.

Егер жеке басты куәландыратын құжатта ЖСН көрсетілмесе, оны жеке ұсыну қажет.

ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдік азаматтар немесе азаматтығы жоқ азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттар: шетелдіктің Қазақстан Республикасында мекендеу қағазы, азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі.


0
9562

пікірлер

пікір қалдыру үшін.