Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Құрметті ҚММУ білім алушылары, оқытушылары және зерттеушілері!

Құрметті ҚММУ білім алушылары, оқытушылары және зерттеушілері!

03 Наурыз 2017

Халықаралық ынтымақтастық және Болон процесі бөлімі ҚР Білім және Ғылым Министрлігі мен Латвия Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі арасындағы білім, ғылым және жастар саясаты саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге сәйкес Латвия тарапынан 2017 жылы жазғы мектепте білім алуға шәкіртақы тағайындалатынын хабарлайды.

Оқу талаптары:

1.  Бағдарлама ҚММУ студенттері, оқытушылары және зерттеушілеріне арналған;

2.  Құжаттарды тапсыру  - 2017 жылдың 4 мамырына дейін;

3.  Жазғы мектепке қатысуға арналған Латвиялық шәкіртақының сомасы, бүкіл кезең үшін - 711 EUR;

4.  Оқыту ағылшын тілінде;

5.  Студенттер жатақханасынан немесе қонақ үйден орын ұсынылады;

6.  Ұшу билеттері мен медициналық сақтандыру төленбейді.

Толығырақ мәлімет алу үшін Халықаралық ынтымақтастық және Болон процесі бөліміне күнделікті сағ. 09-00-ден 18-00-ге дейін Успанова Марьяна Валерьевнаға жүгінулеріңізді өтінеміз.


0
6318

пікірлер

пікір қалдыру үшін.