Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Құрметті ҚММУ зерттеушілері!

Құрметті ҚММУ зерттеушілері!

03 Наурыз 2017

Халықаралық ынтымақтастық және Болон процесі бөлімі ҚР Білім және Ғылым Министрлігі мен Латвия Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі арасындағы білім, ғылым және жастар саясаты саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге сәйкес Латвия тарапынан 2017/2018 ж.ж. – 1 академиялық жылға зерттеу жүргізуге шәкіртақы тағайындалатынын хабарлайды.

Бағдарлама талаптары:

1.  Оқу жылы 2017-2018 жыл, шәкіртақы 5 айға тағайындалады.

2.  Бағдарлама тек ҚММУ ғылыми зерттеушілері мен ғылыми қызметкерлеріне арналған.

3.  Құжаттарды тапсыру  - 2017 жылдың 1 сәуіріне дейін.

4.  Ай сайынғы шәкіртақы: күніне 30 EUR және тұратын орнына ай сайын 300 EUR.

5.  Оқыту ағылшын тілінде.

6.  Зерттеуші бүкіл кезең бойы Латвияда болуы керек, егер зерттеуші қабылдаушы оқу орнында 14 күннен артық жоқ болса, шәкіртақыдан айрылады.

7.  Студенттер жатақханасынан немесе қонақ үйден орын ұсынылады.

8.  Ұшу билеттері мен медициналық сақтандыру төленбейді.

Толығырақ мәлімет алу үшін Халықаралық ынтымақтастық және Болон процесі бөліміне күнделікті сағ. 09-00-ден 18-00-ге дейін Успанова Марьяна Валерьевнаға жүгінулеріңізді өтінеміз.


0
6401

пікірлер

пікір қалдыру үшін.