Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Хабарландыру

Хабарландыру

28 Желтоқсан 2020

"Қарағанды медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

Корпоративтік хатшы – 1 бірлік

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты – 2020 жылғы 28 желтоқсаннан 2021 жылғы 10 қантарға дейін, сағат 18.00-ге дейін.

  Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар ҚМУ КеАҚ адам ресурстарын басқару департаменті директорының атына өтініш береді. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1)  Жеке куәліктің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

2)  Жоғары білім туралы дипломдардың көшірмелері;

3)  Біліктілікті арттыру (бар болса) және кәсіптік қайта даярлау туралы сертификаттардың көшірмелері.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынуға құқылы.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

Корпоративтік хатшы лауазымына – жоғары заңгерлік немесе экономикалық білім, кемінде 5 (бес) жыл, оның ішінде корпоративтік құқық немесе корпоративтік басқару саласында немесе басшылық лауазымында кемінде 2 (екі) жыл кәсіби жұмыс тәжірибесі.

Анықтама алу үшін мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады::

Қарағанды қ., Гоголь көш., 40, адам ресурстарын басқару департаменті

(каб. 218) тел: 8 (7212) 50-39-30 (1206, 1672)


0
1652

пікірлер

пікір қалдыру үшін.