Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Құрметті білім алушылар!

Құрметті білім алушылар!

03 Ақпан 2022

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №677 бұйрығына 2022 жылғы 6 қаңтарда енгізілген өзгерістерге сәйкес  "Техникалық және кәсіптік, орта және жоғары білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық темір жол және автомобиль көлігінде (таксиден басқа) өтемақы төлеу арқылы жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" жол жүру үшін өтемақы қалааралық темір жол көлігінде (таксиден басқа) жол жүргенін растайтын құжаттар болған кезде төленеді, атап айтқанда:

1. Жол жүру билеттерінің түпнұсқалары (таксиден басқа көліктің барлық түрлері үшін);

2. Отырғызу талондарының түпнұсқалары (такси мен автобустардан басқа көліктің барлық түрлері үшін).

Назар аударыңыз, отырғызу талонының орнына станцияда сізге берілетін анықтамалар өтемақы төленетін ресми құжат емес.

Жол төлемдерінің өтемақысын уақтылы алу үшін жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқаларын тиісті мектептердің мамандарына алдын ала ұсыну қажет.

Медицина мектебі


0
1720

пікірлер

пікір қалдыру үшін.