Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Құрметті «ҚМУ» КеАҚ ғалымдары!

Құрметті «ҚМУ» КеАҚ ғалымдары!

27 Сәуір 2022
Францияның Қазақстандағы Елшілігі Францияда инженерлік ғылымдар саласында қысқа мерзімді ұтқырлықты жүзеге асыруды көздеген жас қазақстандық зерттеушілер арасында үміткерлерді іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

Францияның Қазақстандағы Елшілігі Францияда инженерлік ғылымдар саласында қысқа мерзімді ұтқырлықты жүзеге асыруды көздеген жас қазақстандық зерттеушілер арасында үміткерлерді іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

Шәкіртақы саны: 2

Конкурсқа қатысу шарттары:

• Қазақстан Республикасының азаматтығы;
• докторлық диссертациясын соңғы 5 жыл ішінде қорғаған үміткер;
• жоғарғы оқу орны және/немесе ғылыми-зерттеу мекемесінде жұмыс істейтін үміткер және далалық зерттеуді немесе француз зертханасымен тығыз ынтымақтастықты талап ететін жобаны ұсыну.

Конкурсқа соңғы үш жылда ұқсас қаржыландыруға ие болмаған үміткерлер ғана қатыса алады.

Шәкіртақы келесі критерийлерге сәйкес беріледі:

·   үміткердің академиялық дайындығының жоғары деңгейде болуы;

·   кәсіптік бағдарлану негізделген сапалы әрі дәлелді ғылыми-зерттеу жобасының болуы;

·   ғылыми-зерттеу тағылымдамаға байланысты француз және/немесе ағылшын тілінде еркін сөйлеу;

·   ғылыми-зерттеу тағылымдамалар француз және қазақстандық білім немесе ғылыми-зерттеу мекемелері арасында жүзеге асырылып не жаңадан орнатылып жатқан әріптестік қарым-қатынастар шеңберінде іске асырылуы немесе осындай қатынастарды дамытуға жағдай жасауы қажет.

Аталған бағдарлама бойынша француз үкіметінің шәкіртақы иелері келесі басымдықтарға ие болады:

·   айына 2055 еуро көлемінде шәкіртақы беріледі;

·   Францияның Жоғарғы білім, ғылыми зерттеулер және инновация министрлігіне қарайтын мемлекеттік мекемелерінде тіркеу жарнасын төлеуден босатылуы;

·   баспана іздеуде көмек көрсету;

·   Францияның әлеуметтік сақтандыру жүйесіне бекітілуі;

·   ораналасу және әкімшілік сұрақтары бойынша Campus France агенттігі тарабынан көмек алу;

·   тегін виза беру;

·   көлік шығыстарын төлеу: әуежайдан межелі жерге дейін жол: шығысты төлеу тек шәкіртақы иесінің тұрғылықты мекенжайына ең жақын халықаралық әуежайдан межелі әуежай немесе вокзалға дейін қамтамасыз етіледі.

Үміткерлер келесі құжаттар тізбесін тапсыруы қажет:

·   шетелге шығу төлқұжатының көшірмесі - бірінші беті;

·   еркін түрде жазылған ғылыми-зерттеу жобасының сиппатамасы (француз немесе ағылшын тілінде);

·   екі түйіндеме (біріншісі таңдалған бағдарламаның тіліне байланысты француз немесе ағылшын тілінде, екіншісі – қазақ немесе орыс тілінде);

·   уәждемелік хат: француз немесе ағылшын тілінде (1 парақ, тек алдыңғы жағы);

·   қазақстандық мекемеден алынған қолдау хаты (француз немесе ағылшын тілінде, pdf форматында);

·   қабылдаушы француз зертханасы тарапынан алдын ала қабылданғаны туралы хат (француз тілінде, pdf форматында);

·   қабылдаушы француз зертханасымен алдын ала жасалған Келісімнің болуы (Convention d’accueil).

Үміткерлер құжаттарды PDF форматында 10 Мб аспайтын 1 құжаттамада programmepostdoc.fr@gmail.com электрондық мекенжайына жіберулері тиіс:

Құжаттарды қабылдаудың мерзімі мен күнтізбесі:

·   құжаттарды қабылдаудың соңғы күні: 2022 жылдың 3 шілдесі (24сағ:00мин)

·   конкурстың нәтижелері 2022 жылдың 12 шілдесінен бастап жарияланады

·   бағдарламаның мерзімі: 2022 жылдың 1 қыркүйегінен 1 желтоқсанға дейін

Барлық қосымша сұрақтар бойынша үміткерлер Француз Альянстары жанында орналасқан Campus France агенттіктеріне жүгіне алады.


0
1712

пікірлер

пікір қалдыру үшін.