Құрметті "ҚМУ" КеАҚ студенттері!
Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтына 2022-2023 жылдың күзгі семестрінде 6В10122 – «Стоматология» мамандығының 5 курс студенттері үшін академиялық ұтқырлықты тапсыруға конкурс жарияланады.
Орын саны - 10.
Талап:
- 6В10122 – «Стоматология» мамандығының 5 курс студенттері;
- GPA: 2,75 төмен емес
- жоғары қарым-қатынас дағдылары;
- командада жұмыс істеу қабілеті;
- тәртіптік жазалардың болмауы.
Қажетті құжаттар:
- Шетелге шығатын ҚР азаматының сауалнамасы (нысан бойынша);
- Өтініш (нысан бойынша);
- Келісім (нысан бойынша);
- Ұсыныс хат;
- Жеке оқу жоспарының көшірмесі;
- Транскрипт;
- Медициналық анықтама 082 ф.;
- Фото 4 дана 3х4;
- Жарамды төлқұжат.
Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі-2022 жылғы 9 қараша.
Толық ақпарат алу үшін халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз, 331 кабинет, немесе эл.мекенжай бойынша: Ghisa@qmu.kz.