Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Құрметті " ҚМУ " КеАҚ студенттері!

Құрметті " ҚМУ " КеАҚ студенттері!

22 Маусым 2023

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қаражаты есебінен Литва, Вильнюс Университетінде 2023-2024 жылдың күзгі семестрінде 6В10102 - Жалпы медицина, 6В101100 - Мейіргер ісі мамандығының 2-4 курс студенттері үшін академиялық ұтқырлықты тапсыруға конкурс жарияланады.

Орын саны - 5.

Талап:

- 6В10102 «Жалпы медицина», 6В101100 «Мейіргер ісі» мамандығының 2-4 курс студенті;

- GPA: 3,0 төмен емес

- жоғары қарым-қатынас дағдылары;

- командада жұмыс істеу қабілеті;

- тәртіптік жазалардың болмауы.

- ағылшын тілін білу (меңгеру деңгейі B2-ден төмен емес).

- грант иегері.

Қажетті құжаттар:

- Шетелге шығатын ҚР азаматының сауалнамасы (нысан бойынша);

- Өтініш (нысан бойынша);

- Келісім (нысан бойынша); 

- Тіл білімін растау құжаты;

- Ұсыныс хат;

- Жеке оқу жоспарының көшірмесі;

- Транскрипт;

- Медициналық анықтама 082 ф.;

- Фото 4 дана 3х4;

- Жарамды төлқұжат.

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі - 2023 жылғы 27 маусым.

Толық ақпарат алу үшін халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз, 331 кабинет, немесе эл.мекенжай бойынша: Omysheva@qmu.kz.


0
863

пікірлер

пікір қалдыру үшін.