Құрметті " ҚМУ " КеАҚстуденттері!
Түркия, Афионкарахисарденсаулықғылымдарыуниверситетінде академиялық ұтқырлық аясында Түркияның Афьонкарахисар
медицина ғылымдары университетінде қысқы тағылымдамадан өтуге конкурс
жарияланады.
Орын саны- «Жалпы медицина» мамандығы – 4, «Фармация» мамандығы – 2, «Стоматология» мамандығы – 4.
Талап:
- «Жалпы медицина», «Фармация», «Стоматология» мамандықтарының 4-5 курс студенттері;
- GPA: 2,75 төмен емес
- жоғары қарым-қатынас дағдылары;
- командада жұмыс істеу қабілеті;
- тәртіптік жазалардың болмауы;
- ағылшын тілін білу (білу деңгейі В2 төмен емес);
- түрік тілін білу (білік деңгейі А1, А2).
Қажетті құжаттар:
- Шетелге шығатын ҚР азаматының сауалнамасы (нысан бойынша);
- Өтініш (нысан бойынша);
- Келісім (нысан бойынша);
- Ұсыныс хат;
- Жеке оқу жоспарының көшірмесі;
- Транскрипт;
- Медициналық анықтама 072 ф.;
- Фото 5 дана 3х4;
- Жарамды төлқұжат.
Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі - 2023 жылғы 27 қараша.
Толық ақпарат алу үшін халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз, 331 кабинет, немесе эл.мекенжай бойынша: Omysheva@qmu.kz.