Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Құрметті бакалавриат деңгейіндегі білім алушылар!

Құрметті бакалавриат деңгейіндегі білім алушылар!

02 Ақпан 2024

Университет Сенатының жастар ісі жөніндегі комитеті университет Сенатыныңстуденттік құрамына конкурс жариялайды.

Бакалавриат деңгейінде оқитын студенттерден бес сенатор ашық конкурспен сайланады.

Конкурсбірнеше кезеңнен тұрады:

- 1 кезең-электрондық өтініш беру, портфолио, эссе, GPA деңгейін және бүкіл оқу кезеңінде тәртіптік жазаның болуын/болмауын міндетті түрде көрсете отырып, Мектеп деканынан мінездеме;

- 2 кезең-конкурстық комиссиямен бетпе-бет сұхбат.

Студенттік Сенатор лауазымына кандидаттарға қойылатын талаптар:

- оқу курсы (бакалавриат үшін) – 3-тен төмен емес;

- GPA 3.0-тен төмен емес;

- барлық оқу кезеңі үшін тәртіптік жазалардың болмауы.

Студенттік Сенатор лауазымына кандидаттың өтініші келесі жағдайларда қабылданбауы мүмкін:

- конкурстық комиссияға ұсынылған құжаттардың толық емес пакеті;

- қалыптастырылған құжаттар топтамасы конкурс өткізу мерзімінде ұсынылмаған жағдайда;

- кандидат қойылатын талаптарға сәйкес келмейді.

Конкурс 5-11 ақпан аралығында өткізіледі. Өтініш келесі сілтеме бойынша берілуі керек: https://forms.gle/arHyYiwPktb4ViZT7


0
577

пікірлер

пікір қалдыру үшін.