Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Құрметті жас ғалымдар!

Құрметті жас ғалымдар!

12 Ақпан 2024

Сіздерді 2024 жылғы 12 сәуірде «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ-ның ұйымдастыруымен өтетін академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған «ҒЫЛЫМ ӘЛЕМІ: ДӘСТҮРЛЕР МЕН ИННОВАЦИЯЛАР» атты жас ғалымдардың жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырамыз.

Конференцияның негізгі бағыттары:

1.  Биохимия, молекулалық биология және зертханалық диагностика

2.  Ішкі аурулар

3.  Иммунология және аллергология

4.  Қоршаған ортаны қорғау және адам экологиясы

5.  Микробиология және вирусология

6.  Жұқпалы аурулар және дерматовенерология

7.  Морфология және патоморфология

8.  Физиология және патофизиология

9.  Акушерлік іс және гинекология

10.  Онкология

11.  Медицинадағы денсаулық сақтау және ақпараттық ғылымдарды ұйымдастыру

12.  Гигиена және эпидемиология

13.  Психиатрия, психология және неврология

14.  Стоматология

15.  Мейірбике ісі

16.  Фармакология, фармация, фармацевтикалық өндіріс технологиясы

17.  Хирургия, анестезиология, реанимация және травматология

18.  Урология

19.  Оториноларингология және офтальмология

Конференция өтетін тілдер: қазақ, орыс, ағылшын тілдері.

Конференцияны өткізу форматы:бетпе-бе (оффлайн).

Конференцияның өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 40, «Қарағанды медицина университеті»КеАҚ.

Конференцияға қатысуға барлық деңгейдегі жас ғалымдар мен білім алушылар шақырылады (бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура, докторантура).

Конференцияға қатысушыларға Сертификаттар беріледі.

Конференция жұмысына қатысу үшін 2024 жылдың 12 наурызына дейін (қоса алғанда) ұйымдастырушы комитеттің электрондық мекенжайына conference.kmu@gmail.com мынадай материалдарды жіберу қажет (құжаттарды БІР бумамен, бірінші автордың тегі бойынша атау қажет):

1.конференцияға қатысуға өтінім (Қосымша 1 сейчас);

2.баяндама (*.ppt және (немесе) *.pptx форматында).

Конференция аясында үздік ауызша баяндама мен постерлік баяндамаға конкурс өткізіліп, жеңімпаздар дипломдармен марапатталады. Сонымен қатар, жеңімпаздар «Медицина және экология» журналында өз мақалаларын тегін жариялай алады.

Маңызды күндер:

ü12.03.2024 дейін –өтінімдер мен баяндамаларды қабылдау аяқталады;

ü1.04.2024 дейін –баяндамалар ауызша және постерлік сессияларға іріктеледі;

ü8.04.2024 дейін –баяндамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жүреді;

ü10.04.24 дейін–баяндамалардың соңғы нұсқалары қабылданады.

ØМерзімінде жіберілмеген баяндамалар конференция бағдарламасынан шығарылады!

Конференцияны ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы мен байланыс телефоны жайлы ақпарат:

«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ, Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 40, 360 кабинет.Байланыс телефоны: 8(7212)50-39-30 (ішкі. 1435), электрондық мекенжайы: conference.kmu@gmail.com.

Қосымша 1

Конференцияға қатысу өтінімі

Аты-жөні (толықтай)

  Мемлекеттік тілде

  Орыс тілінде

  Ағылшын тілінде

Баяндаманың атауы

Ғылыми жетекшінің /кеңесшінің аты-жөні

Ғылыми жетекшінің / кеңесшінің ғылыми дәрежесі

Статус (студент, магистрант, докторант, интерн, резидент)

Курс, білім беру бағдарламасы

Телефон (whatsapp)

Электрондық мекенжай


0
571

пікірлер

пікір қалдыру үшін.