Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Байқау жарияланды

Байқау жарияланды

01 Наурыз 2024
Құрметті әріптестер

«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ ғылымның дамуына үлес қосқан ғалымдарды көтермелеу, сондай-ақ жас ғалымдарды ынталандыру мақсатында Ғылым қызметкерлері күніне және академик Қ.И.Сәтбаевтың 125 жылдығына орайластырылған «2023 жылдың «Қарағанды медицина университеті» КеАҚҮздік ғылыми қызметкері» ЖОО ішілік байқауын жариялайды.

Байқауғақатысуға ғылыммен белсенді айналысатын «ҚМУ» КеАҚ штаттық қызметкерлері шақырылады. Байқау шеңберінде 2 сыйлықақы беріледі:

1) «Үздік ғалым»номинациясы бойынша 100 АЕК көлемінде сыйлықақыберіледі.

2) «Үздік жас ғалым» номинациясы бойынша 50 АЕК көлемінде сыйлықақы беріледі.

Жас ғалымдардың қатарына 40 (қоса алғанда) жасқа дейінгі қызметкерлер кіреді. Сыйлықақы алуға үміткер байқауға тек бір номинация бойынша қатыса алады. Сыйлықақы бір номинация шеңберінде ғылыми жетістіктерді бағалау көрсеткіштері бойынша ең көп ұпай жинаған тұлғаға беріледі (Ережеге Қосымша 1).

Байқауға қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:

1) Сыйлықақы беру Байқауына қатысу үшін үлгі бойынша өтінім (Ф НАО МУК 6/3-01 үлгіге сәйкес);

2) Сыйлықақы беру Байқауына қатысушы үміткердің бағалау көрсеткіштеріне сәйкес ғылыми жетістіктері жайлы мәліметтер (MS Excel-тегі кестеге сәйкес);

3) Әр критерийге сәйкес ғылыми жетістіктер жайлы мәліметтерді растайтын материалдар мен құжаттар;

4) «ҚМУ» КеАҚ Адами ресурстарын басқару департаментінен жұмыс орнынан анықтама;

5) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Байқауға қатысу құжаттары 2024 жылдың 21 наурызына дейін (қоса алғанда) Ғылыми жұмыс бөлімі маманының Aleshina@kgmu.kz корпоративтік электрондық поштасына жіберілуі тиіс.

Сыйлықақы алуға үміткердің ғылыми жетістіктері келесі көрсеткіштер бойынша бағаланатын болады:

1) ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағының болуы;

2) білім алушылармен ғылыми жұмыстары;

3) философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор немесе магистр дәрежесі берілген кадрларды даярлау;

4) ғылыми жобалар мен бағдарламаларға жетекшілік ету, сондай-ақ оларға қатысу;

5) ғылыми нәтижелердің болуы және оның сапасы (рецензияланған журналдардағы мақалалар, монографиялар және/немесе монографиялардағы тараулар, патенттер, әдістемелік ұсынымдар және авторлық құқық туралы куәліктер);

6) ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің енгізілгені жайында расталған нәтижелер.

Барлық көрсеткіштер күнтізбелік 2023 жыл бойынша есептеледі.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Үздік ғылыми қызметкер» және «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауларының 2019-2023 жж. аралығындағы жеңімпаздары бұл байқауға қатыса алмайды.

Қосымшалар:

1. Жыл сайынғы «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Үздік ғылымиқызметкері» байқауын ұйымдастыру және өткізу туралы Ереже;

2. Ф ҚМУ КеАҚ 6/3-01 үлгі – «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Үздік ғылымиқызметкері» байқауына үміткердің өтінімі;

3. MS Excel-дегі кесте – Үміткердің ғылыми жетістіктері жайлы мәліметтер.

Барлық сұрақтар бойынша Ғылыми жұмыс бөліміне хабарласуға болады: Гоголь көшесі 40/6, 360 каб., тел.: 8 (7212) 50-39-30 (ішкі. 1435).

0
700

пікірлер

пікір қалдыру үшін.