Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Құрметті кураторлар!

Құрметті кураторлар!

13 Ақпан 2015

ҚММУ-дың Тәрбие жөніндегі кеңесінің жанында Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу бойынша комиссия қызмет жасайды. Комиссия жұмысы жоспарға сәйкес жүзеге асады, оның ішінде студенттік ортада зайырлылық қағидаларын бекіту, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру қарастырылған. Осыған орай, студент немесе студенттік топтар арасында аталмыш принциптерге негізделген бейне-материал дайындау және ұсыну конкурсы жарияланады.

Комиссия жанында бейне-материалдардың мазмұнын бағалайтын редакциялық топ құрылған. Жоғары бағаланған бейне-материалдар университет теледидарларында, сондай-ақ қалалық led-экрандарда көрсетіледі.

Қосымша сұрақтар бойынша Комиссия төрайымына хабарласуға болады: Мустафина Толганай Вагизовна - T.Mustafina@qmu.kz (Outlook).


0
18419

пікірлер

пікір қалдыру үшін.