Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
ЖОО туралы ақпарат
Коммуникативті дағдылар мектебі

Коммуникативті дағдылар мектебі

7cd988472acd1aef12c281a9e61377ad

Коммуникативті дағдыларды дамыту мектебі 2021 жылдың қаңтар айында ұйымдастырылып, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ симуляциялық және білім беру технологиялар орталығының құрылымына кіреді.

Мектептің мақсаты клиникалық дағдыларды оқыту үшін қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету, білім алушыларға өмір бойы клиникалық құзыреттілікті және оқу қабілетін дамытуға, қолдауға және жақсартуға мүмкіндік беру болып табылады. 

Коммуникативтік дағдыларды дамыту мектебі Erasmus + бағдарламасы аясында 619037-EPP -1-2020-1-EL-EPPKA2-CBHE-JP «FOstering the doctoR of the 21st century: education for patient-centered communication»( «XXI ғасыр дәрігерінің дамуына жәрдемдесу: пациентке бағытталған коммуникативті дағдыларға үйрету») жобасының қатысушысы болып табылады. Қазіргі уақытта коммуникативтік дағдыларды дамыту мектебінің ауданы 54,9 шаршы метрді құрайды (2 оқу бөлмесі), қажетті оқу жабдықтарымен жабдықталған (проектор, интерактивті тақта, компьютер, парталар, орындықтар). Оқу бөлмелері оқу үдерісінің ұйымдастырылуын бақылауға арналған бейнекамералармен және Интернет желісімен жабдықталған.

Мектептің  негізгі  міндеттері:

1.  Клиникалық дағдыларды оқытуда орталық ресурстарын пайдалана отырып және оқытудың әртүрлі белсенді әдістерін қолдана отырып, біріктірілген оқытуды ұйымдастыру және енгізу.

2.  Коммуникативті дағдыларды және пациент-орталықтандырылған тәсілді дамыту. 

3.  Өз бетінше және өздігінен бағытталған оқыту дағдыларын қалыптастыру.

Мектеп қызметкерлері:

Мектеп меңгерушісі

22786bb08fafebe494e32b4cc4d64ea3

Әдіскер

17ae4b3c99fb3b51fa6dcf1929a8bf82

Практикалық дағдылар жаттықтырушылары

b71c0b65593bbeb4dc92636bbbeab786

 Өндірістік білім беру шебері

6e15020d0dc1fb82258597286bdd246e

Инженер

efbede4b9546aaac2a2b4e60c7ab5860

795792aea9e396c743b0e42c4a40d089

f434ef80e601afbbb468a2d562baf346

Телефон: 8 (7212) 30-56-00 ішкі 1238

Мекен-жай: 800000,  Қарағанды қаласы, Алалыкин көшесі 7 үй, екінші қабат

Әлеуметтік желі:

https://for21.eu

https://twitter.com/for21eu

https://www.facebook.com/for21.proj

© Copyright 2021. Барлық құқықтар сақталған. FOR21 – бұл ERASMUS+ 2020 бағдарламасы шеңберінде Еуропалық комиссия бірлесіп қаржыландыратын бірлескен жоба. 

ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БАС ТАРТУ: аталған жарияланым Еуропалық Комиссияның қолдауымен әзірленген, сайттың барлық жарияланымдары тек авторлардың көзқарасын ғана көрсетеді, сондықтан Еуропалық комиссия олардың қандайда бір мазмұнына, одан әрі пайдалануына  жауап бермейді.