Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Бадина Юлия Викторовна

Бадина Юлия Викторовна

1972 жылы 11 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша (1995), «Лингва» тіл және аударма институтын «Аударма ісі» мамандығы бойынша (2006), Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін  «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша (2009),  РФ Президенті жанындағы Ресейдің халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын  (2017) бітірді. 1995 жылдан 2004 жылға дейін Қарағанды облыстық тері-венерологиялық диспансерінде дәрігер болып жұмыс істеді. 2004 жылдан 2005 жылға дейін «Триада LTD» ЖШС-нің атқарушы директоры болды. 

«Нұр Отан» партиясының мүшесі. 2005 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін  - «Нұр Отан» партиясының Қарағанды қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

«10 жыл Астана», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарімен марапатталды.

IV және V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды.