Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Петренко Елена Степановна

Петренко Елена Степановна

1963 жылы 26 шілдеде Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қарағанды кооперативті институтын  «Экономист-ұйымдастырушы» мамандығы бойынша (1984), Мәскеу қ. Еңбек ҒЗИ аспирантурасын (1995) , Екатеринбург қ. Орал мемлекеттік экономикалық университетінің докторантурасын (2014) тәмамдады.  

Еңбек жолын қазақстандық Еңбек ҒЗИ филиалының кіші ғылыми қызметкері ретінде бастады (1984-1991). 1991 жылдан 1998 жылға дейін әр түрлі коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді. 1998 жылдан 2000 жылға дейін Қарағанды қаласындағы «Ғылым"» Университетінің «Экономика және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі болды.  2001 жылдан 2013 жылға дейін – «Сенімдік» ЖШС-нің дамыту жөніндегі директоры лауазымында қызмет атқарды. 2013-2016 жылдар аралығында  Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасында директордың әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - Оңтүстік Орал Мемлекеттік Университетінің шақырылған профессоры

(Челябинск қ., Ресей).

2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Мәскеу қ., Г.В.Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің  шақырылған профессоры, менеджмент теориясы және бизнес-технологиялар кафедрасы.

2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстандағы ЕҚДБ сарапшы-жаттықтырушысы.

2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қ., Экономикалық зерттеулер институтының сарапшысы.

Қарағанды облысының Азаматтық Альянсын Үйлестіру Кеңесінің мүшесі, үкіметтік емес секторды дамыту жөніндегі жобалардың жетекшісі (мониторинг және бағалау, жергілікті өзін-өзі басқару, қоғамдық кеңестер және т.б.)

Тәуелсіз тренер-кеңесші, бизнесті дамыту, стратегиялық және инновациялық маркетинг пен менеджмент, персоналды басқару, креативті кәсіпкерлік, жобаларды басқару, сараптама, мониторинг және бағалау, адам капиталы мен еңбекті дамыту, интерактивті оқыту, азаматтық қоғамды дамыту мәселелері бойынша сарапшы.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі. 2005 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - «Нұр Отан» партиясының Қарағанды қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

 «10 жыл Астана», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарімен мараптталды.

IV және V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды.