Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Ғылым
Биоэтика комитеті

Биоэтика комитеті

«Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының биоэтика комитеті субъектілер мен зерттеушілердің құқықтарын, қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қорғайтын, сондай-ақ объектілері адам немесе жануарлар болатын ғылыми зерттеу материалдарына этикалық және моральдық-құқықтық баға беретін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Комитет өз қызметінде тиісті клиникалық тәжірибенің мемлекеттік стандартында, Қазақстан Республикасының уәкілетті органының нормативтік құқықтық актілерінде көрсетілген Дүниежүзілік медициналық қауымдастықтың Хельсинки декларациясының этикалық қағидаттарын басшылыққа алады.

Биоэтика комитетіне құжаттар тапсыру үшін зерттеушілер төменде көрсетілген сілтеме бойынша (БЭК-ке өтініш беру үшін құжаттар) құжаттар пакетін дайындап, тексеру үшін kuanysh@qmu.kz поштасына «БЭК сараптамасына» деген белгімен жіберуі қажет.

Биоэтика комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау дүйсенбі күндері сағат 13:00-ден 16:00-ге дейін Гоголь 40, 101 кабинетте жүргізіледі. Консультация күн сайын жүргізіледі, кеңес беру уақыты мен күні төменде көрсетілген байланыс деректерін пайдалана отырып, алдын ала келісілуі керек.

Құжаттарды биоэтика комитетінің хатшысы Қуаныш Жұлдыз Маратқызы қабылдайды. Телефон нөмірі: +77058283096, электронды пошта kuanysh@qmu.kz

Биоэтика комитетінің ережесі

Биоэтика комитетінің құрамы

Биоэтика комитетінің есептері

Стандартты операциялық процедуралар

БЭК-ке өтініш беру үшін құжаттар