СҒҚ негізгі құрылмдық – функционалдық
бірлігі болып Университеттің тәжірибелі оқытушыларының қарамағында жұмыс
істейтін кафедралардың студенттік ғылыми үйірмелер болып табылады (СҒҮ).
Қазіргі кезде ҚММУ 5 секция әрекет етеді, онда кемінде 34 СҒҮ жұмыс істейді.
Дәстүр бойынша, ең көп болып базалық дәрігерлік – биологиялық кафедралар мен
шығарушы клиникалық кафедралардың СҒҮ болып табылады. Басқа факультеттердің де
СҒҮ белсенді жұмыс атқарады.
Университет кафедраларының СҒҮ студенттерге келесі жұмыстар түрін ұсынып отыр:
· Ауруларды емдеуде және диагностикалауда әртүрлі әдістерді, медициналық және химиялық – фармацевтикалық жабдықты терең игеру;
· Әртүрлі емдеу амалдадрына қатысу, тақырыптық ауруларды талқылау, ауру тарихын өңдеу және сараптау;
· Кафедралық, кафедрааралық және жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми конференцияларға қатысу;
· Зерттеу жұмысын тікелей жүзеге асыру, кафедралар өткізетін эксперименталды және клиникалық зерттеулерге қатысу,
· Отандық және шетелдік әдебиетке рефераттар мен аннотациялар жазу;
· Олимпиадаларға, студенттік жұмыстардың конкурстары мен көрмелеріне қатысу, баяндама, тезистер мен мақалалар түрінде әртүрлі деңгейдегі ғылыми форумдарға ұсыну;
· Әртүрлі ғылыми-зерттеу мекемелері мен ғылыми ұжымдардың, емдеу – профилактикалық және фармацевтикалық мекемелердің қызметімен танысу;