Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
ЖОО туралы ақпарат
«ҚМУ» КеАҚ рәміздері
«ҚМУ» КеАҚ түлектерінің Әнұраны

«ҚМУ» КеАҚ түлектерінің Әнұраны

Сөзінің авторы: А.Хорошаш  (ҚММИ 1998 ж. түлегі)

Сазының авторы: С.Огай  (ҚММИ 1996 ж. түлегі)

1 шумақ

Сарыарқаның даласында,

Есіл-Нұра жағасында

Бой көтерді сол жылдары,

Дәрігерлер ордасы да.

Одақтың бар аймағынан,

Медицина қаймағы бар. 

Аз уақытта айналдың сен,

Жас мамандар айлағына.

Қайырмасы:

Қарағанды медициналық университеті,

Білім мен ғылым, мөлдір махаббат бекеті.

Студенттердің сүйікті білім ордасы,

Даңқың сенің алыстарға жетеді.

2 шумақ

Мұнда ғылым мықтылары,

Білім нәрін ұқтырады.

Сені әркез мақтан етіп,

Түлектерің тік тұрады. 

Арта берсін абыройың,

Бола берсін тағы тойың.

Мақтанамыз өзіңмен біз,

Жеңіс жолы – сенің жолың! 

Қайырмасы:

Қарағанды медициналық университеті,

Білім мен ғылым, мөлдір махаббат бекеті.

Студенттердің сүйікті білім ордасы,

Даңқың сенің алыстарға жетеді.