Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Білім беру
Студентке
Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттар

Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру конкурсын жүргізу туралы

Құрметті білім алушылар!

2021-2022 оқу жылының жазғы емтихан сессиясының қорытындылары бойынша жоғарыбілім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру конкурсы жарияланады.

«"Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N58 Қаулысына және ҚМУ-нің Академиялық саясатына сәйкес:

Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары жазғы және қысқы емтихан сессиясының қорытындылары бойынша даярлау бағыттарының ішінде конкурстық негізде беріледі.

Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары осы мамандығы бойынша ақылы негізде білім алушыларға конкурстық негізде беріледі. Конкурс бүкіл оқу кезеңіндегі GPA үлгерімінің орташа балының негізінде аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша өткізіледі.

GPA үлгерімнің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда бүкіл оқу кезеңі ішінде тек қана А, А- ("үздік"), содан соң А, А- ("үздік") бағаларынан В+, В, В-, С+ ("жақсы") бағаларына дейін бағалары бар, одан әрі – аралас бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.

Құжаттарды қабылдау 2022ж. 10 шілдесіне дейін жүргізіледі.

Білім алушының мектепке ұсынылатын қажетті құжаттар тізімі:

1. Университетің басқарма төрағасы-ректорының атына жазған өтінімі.

2. Транскрипт.

3. Білім алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

4. Әлеуметтік мәртебе туралы анықтама (болған жағдайда).

22773fd19cdaccce9a98fae8af21e597

Назар аударыңыз!

Білім беру гранттарының иелері (соның ішінде босаған бос гранттары иелері) білу маңызды!

«Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурызындағы № 390 қаулысына сәйкес:

3. Заңның 26-бабы 8-тармағының 3) тармақшасында белгіленген және Қазақстан Республикасының ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтарына берілетін квота шегінде ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын педагогтік, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын (бұдан әрі – ЖЖБҰ) бітіргеннен кейін кемінде үш жыл тиісінше білім беру ұйымдарында, денсаулық сақтау ұйымдарында, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелерінде, ветеринариялық ұйымдарда және меншік нысанына қарамастан ауылдық жерде орналасқан аграрлық бейіндегі ұйымдарда жұмыспен өтейді.

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын және Заңның 26-бабы 8-тармағының 6) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогикалық, ауыл шаруашылығы және техникалық мамандықтар бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары ЖЖБҰ-ны бітіргеннен кейін оқыған жеріндегі өңірде кемінде үш жыл жұмыспен өтейді.

5. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтарға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары ЖЖБҰ-ны немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды бітіргеннен кейін кемінде үш жыл білім беру ұйымдарында және денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыспен өтейді.

6. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде басқа мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары ЖЖБҰ-ны бітіргеннен кейін кемінде үш жыл меншік нысанына қарамастан ұйымдарда жұмыспен өтейді.

9. Осы Қағидалардың 3, 4, 5 және 6-тармақтарында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ЖЖБҰ аяқтағаннан кейін өздері іс жүзінде оқыған уақытқа мөлшерлес мынадай:

 1) ақылы негіздегі оқудан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауысқан;

 2) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқудан ақылы негіздегі оқуға ауысқан;

 3) ағымдағы немесе келесі оқу жылы ішінде кейіннен қайта қабылдау шартымен ЖЖБҰ-дан оқудан шығарылған жағдайларда осы тармақта көзделген мерзім шегінде жұмыспен өтейді.

2dfa0ce375af396da7be52bdf29bacd5

Т – айлармен жұмыспен өтеу мерзімі, күндерге бөлшектенбейді (бұл ретте дөңгелектеу үлкен жағына жүргізіледі);

y – мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқудың айлармен нақты мерзімі, күндерге бөлшектенбейді (бұл ретте дөңгелектеу үлкен жағына жүргізіледі);

x – ЖЖБҰ-да оқудың айлармен жалпы мерзімі (бұл ретте дөңгелектеу үлкен жағына жүргізіледі);

z – Заңның 47-бабының 17-тармағында және осы Қағидаларда көзделген, бүкіл мерзім бойы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқып шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 36 айды құрайтын жұмыспен өтеу мерзімі.

2021-2022 оқу жылының жазғы емтихандық сессиясының қорытындысы бойынша босаған бос білім гранттарына үміткерлер бойынша ақпарат