Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Кадюков Николай Викторович

Кадюков Николай Викторович

1959 жылы 3 тамызда дүниеге келді. Қарағанды педагогикалық институтын (1980), Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын (1999) «Экономика және басқару» мамандығы бойынша, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (2007) «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады. 

 Еңбек жолын 1979 жылы  «Буревестник» ЕСҚ Қарағанды облыстық кеңесінде бастады (1979-1986). Әр жылдары мемлекеттік емес ұйымдарда, оның ішінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді: коммерциялық құрылымдарда (1986-1991), Мәскеу қаласында «Қазақстан Республикасы мен ресей Федерациясы кәсіпорындарының іскерлік ынтымақтастығына қолдау көрсету қауымдастығында» (1991-1995), Алматы қаласында  «Мақсат» Акциоенрлік Банкінде (1996-1997);

«Қарағанды - Карбид» АҚ-да (1997-1998),   «Кәсіпорынды қайта құру және тарату жөніндегі агенттігі» ААҚ-да (1998-1999).

1999 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы болып тағайындалды, ал 2000 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының  орынбасары. 

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.