Құрметті Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің студенттері!
23 Ақпан 2017
Сіздерге 2017 жылдың 25 ақпаны күні сағат 10:00-де Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің 329 дәрісханасында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ұйымдастыруымен Pre-JobFair іс-шарасы өтетінін хабарлаймыз.
Аталған іс-шара «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектерін жұмыспен қамту мақсатында алдағы бос мамандықтар жәрмеңкесі туралы хабардар етуге арналған.
Pre-JobFair бағдарламасы:
- резюме жасау бойынша тренингтер;
- әңгімелесу кезіндегі «өзін-өзі ұстау ережелері»;
- табысты түлектер тарихы;
- түлектермен танысу;
- байланыс орнату.
Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің түлектері мен студенттерін күтеміз!
0
6100
пікірлер
пікір қалдыру үшін.