ХАБАРЛАНДЫРУ
Әскери кафедрада оқығысы келетін
жалпы медицина және стоматология, профилактикалық медицина, биология және
фармация факультеттерінің 2-ші курс студенттері әскери кафедраның оқу бөліміне
(Алалыкин көшесі, 7), 2014 жылдың 20-ақпаннан 20-наурызына дейін өтініш білдірсін.
Қажетті құжаттар:
1. Мамандықтың шифрі мен оқу тобы көрсетілген, 2-ші курс студенті екенін растайтын деканаттан анықтама – 1 дана.
2. Компьютерде терілген деканаттан мінездеме (деканның қолы қойылып, мөр басылған) – 1 дана.
3. Қазақстан Республикасы азаматының куәлігінің көшірмесі – 1 дана.
4. 3×4 фотосурет (еркектер – қара костюм, ақ көйлек, галстукпен түскен; әйелдер – біртүсті кофтамен түскен) – 2 дана.
5. Жеке іске арналған файл.
6. Тіркеу куәлігінің әскерге жарамдылығы жөнінде белгісі бар көшірмесі.
Әскери кафедра