РОСМЕДОБР-2020 медициналық білім берудің жаңа міндеттері
XI Халықаралық форум «ROSMEDOBR - 2020. Медицинадағы оқытудың инновациялық технологиялары» алғаш рет 29 және 30 қазанда онлайн режимінде өтті. Қатысушыларды медициналық білім беру саласындағы ресейлік және шетелдік сарапшылардың қызықты онлайн-есептер, виртуалды көрме, сауалнамалар мен дауыс берулер, кәсіби байланыс және қызығушылық танытатын сұхбаттар күтті. Іс-шараға 5000-нан астам қатысушылар мен 50-ден астам спикерлер жиналды. Тікелей эфирге қатысуға Ресей Федерациясы министрінің орынбасары Т.В. Семенова, аккредиттеу жөніндегі әдістемелік орталықтың бастығы Ж.М. Сизова, Н.И. Пирогова атындағы Ресей ұлттық ғылыми медициналық университетінің проректоры О.Ф. Природова шақырылды. Тікелей эфирде шетелдік спикерлер Халықаралық медициналық білім беру қауымдастығының (AMEE) президенті Тревор Гиббс, Майкл Гордон атындағы медициналық білім беру саласындағы ғылыми зерттеу орталығының директоры Росс Скализ, Майкл Гордон медициналық білім саласындағы зерттеулер орталығының жетекшісі профессор Барри Иссенберг, АҚШ CME аккредиттеу кеңесінің президенті Грэм Макмахон сөз алды.
РОСМЕДОБР форумына біздің университеттен оқу жұмысы жөніндегі проректор В.П. Риклефс және симуляциялық білім беру және технологиялар орталығының директоры Г.С. Кемелова баяндамаларымен қатысты. КеАҚ «Қарағанды медициналық университетінен» 50-ден астам қызметкерлері мен оқытушылары осы Форумға белсенді қатысып, көптеген ақпаратды алып, біліктіліктерін арттырды.
Бейсембекова А.М., СББТО маманы