Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Аурухана сайқымазағы

Аурухана сайқымазағы

31 Наурыз 2015


2014- жылдан бастап, университетіміздің ректоры, профессор Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызының басшылығымен ҚММУ –да “Дәрігер Феликс” атты сайқымазақтардан құралған қайырымдылық тобы құрылды.

“Аурухана сайқамазағы”  бұл аурухана сайқымазағының көмегімен науқас балаларда жағымды эмоция тудыру арқылы жүйелі қайта қалпына келтірудің бір бағыты.

Аурухана  сайқымазағынан кейін науқас балаларда  аурумен күресуге деген талпыныстары арта түсіп, ауру кері шегініп тез жазылатыны ғылыми дәлелденген.

Жағымды энергияны бойына жинаған бала, өзінен нұр шашып, қоршаған орта мен ойынға көп көңіл бөліп, ауруға берілуі аз болады.

Бұл баланы аурумен күресуде және емдеуде ынтасын жоғарылату үшін қайта қалпына келтіру кезеңінде өте қажет.

“Дәрігер Феликс” тобының қатысушылары:

Арингазиева Асем (1-088 ЖМ), Ибраимов Данияр (3-072 ЖМ) және Мирзатаева Севара (1-086 ЖМ) “Облыстық балалар клиникалық ауруханасы”МҚКК барып қайтты. Студенттер балаларға жақсылық пен жамандықтың мәңгі күресі жайлы танымдық бағдарламаны көсетіп,олармен интеллектуалдық ойындар ойнады. Кішкентай көрермендер қойылым барысын өте жылы қабылдап, Зұлым сиқыршының құрған әртүрлі тұзақтарынан құтқару үшін Мейірімді Феяны қолдап, сол күні бәрінің сүйкімдісіне айналған күлдіргі Рыжик үшін алаңдаумен болды.

Күлкі - ең жақсы ем деп бекер айтпайды екен. Балалар күлкілі сайқымазақтармен ойнап қуаныш пен шаттыққа бөленді, әрине аурухана сайқымазағының жағымды әсері зерттеу барысында бүкіл әлемге дәлелденді емес пе?!

“Дәрігер Феликс” тобы студенттермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөліміне іс-шараны ұйымдастыруға қосқан көмегіне үлкен алғыс білдіреді.

  Жұмадилова Жібек  (3-016 ЖМ)

Театр өнері үйірмесі және “Дәрігер Феликс” жобасының жетекшісі


0
17900

пікірлер

пікір қалдыру үшін.