Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті

Жылы жүрек

08 Сәуір 2015

2015 жылдың 31 наурызында  Студенттермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің бастамасымен KazMSA-ның белсенділері ойлау қабілеттері шектеулі балалар үйінде болды.

Әлемде Даун синдромымен ауыратын адамдардың Халықаралық күнін атап өтілуіне байланысты балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге арнайы KazMSA-ның ішкі істер бойынша вице-президенті Серікова Айманның және тұрақты комитет SCOPH жетекшісі Алпысбаев Дәулеттің басшылығымен ұйымдастырылған «Жылы жүрек» бағдарламасы ұсынылды және балаларға төмендегі шаралар ұйымдастырылды:

-  Тренингтер

-  «Менің арманым» тақырыбына пікірталастар

-  Сауықтыру ойындары

-  «Доссыз өмір – тұзсыз ас» қойылымы.

Өткізілген іс-шараның басты бағыты балаларды достыққты бағалауға үйрету, адам өміріндегі арманның алатын орнын көрсету және бір – біріне деген қайырымдылық туралы түсінікті кеңейту.

Қазақстан медицина жастарының бірлестігі «Облыстық ойлау қабілеттері шектеулі балалар үйінің» әкімшілігіне және ҚММУ Студенттермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөліміне  іс – шараны ұйымдастыруға көмектескені үшін алғыс білдіреді.

Серік Айман 3-001 ҚДС


0
18352

пікірлер

пікір қалдыру үшін.