Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ чемпионаты– жеңіске өтінім.

ҚММУ чемпионаты– жеңіске өтінім.

14 Сәуір 2015

  2014 жылдың сәуірінде біздің студенттер – жатақханалар арасында футбол бойынша ҚММУ чемпионаты – қызықты турнирге қатысты. Міне бір жылдан кейін, 5 - сәуірде есеп бойынша кезекті 3 – ші біріншілік болып өтті. Ақпаннан сәуір аралығында, ҚММУ ең үздік футбол жасақтары титулына ие болу үшін 12  - командадан 150 – дей студент таласты.

Турнир қатысушыларының жалпы көзқарасы бойынша үшінші чемпионат көпшіл және ең шиеленісті болды. Ақырғы турнирдің соңында бірден үш команда (!) бірдей ұпай алып және чемпионды анықтау үшін қосымша блиц-турнирді өткізуге тура келетінін байқауға болады.

Блиц-турнирдің ойындарында шиеленіс тұрақты емес...

№1 матч, «№7 жатақхана» және «4 пәтер жалдаушылар» командалары арасында  тепе-теңдікпен аяқталды1:1;

№2 матч, «1 пәтер жалдаушылар» «7 жатақханлардан» жеңісті 3:1 есебімен алып кетті;

№3 матч, «1 пәтер жалдаушылар» - «4 пәтер жалдаушылар» 3:4.  Соңғы минуттарда ҚММУ құрамасының шабуылшысы Бауыржан Ахмедия «алтын» голды соғып, төртінші пәтер жалдаушыларға чемпион атағын алып берді.

 

Дәстүрге сәйкес біріншіліктің соңында номинациялар бойынша ең үздіктер анықталды:

«Үздік қақпашы» - Мергенов Қуандық (3-004 ПМ, Б жәнеФ);

«Үздік қорғаушы» - Тұрұмбетов Жәнібек (6-002 Стом);

«Үздік шабуылшы»-Таржанов Авель(4-080 ЖМ) және Бондарев Андрей(2-091 ЖМ);

«Үздік ойыншы» - Мендіғалиев Ердәулет(1-073 ЖМ).

  Барлық жеңімпаздар және турнирдің номинанттары бағалы сыйлықтармен марапатталды. Одан басқа, қатысушыларды марапаттау үшін қосымша номинациялар енгізілді: «Үздік шабуылшы», «Ең тиімді ойыншы» және «Тәсілді ойыншы». Олардың жеңімпаздары да бағалы сыйлықтармен марапатталды.

  ҚММУ спорт клубы.


0
18140

пікірлер

пікір қалдыру үшін.