Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Дәстүрлі III Медициналық Лига

Дәстүрлі III Медициналық Лига

14 Сәуір 2015

  28-29 наурызда Қазақ хандығының 550 – жылдығын және ҚР конституциясының 20 – жылдығын мерекелеу қарсаңында, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті медицина университеттері мен колледждері арасында дәстүрлі пікірталас туринирін өткізді. Біздің «Намыс» пікірталас клубының пікірталасшылары кезекті жеңістерімен қуантты.

Осы турнир алдағы турнирлерден өзгеше болды, 30 – дан астам команда қатысты және өткізу жабық түрде болды, қатысушылар ақырғы минуттарда ғана қандай тақырыпқа және қандай позицияда ойнайтындықтарын білді.  Турнирдің қарары әртүрлі болды, Қазақ хандығының 550 – жылдығына, медицина менеджментіне, «Саламатты - Қазақстан» және т.б. арналды.

 

Линкольн – Дуглас форматы бойынша екінші жыл қатарынан Маликайдар Айжан (2032- ЖМ) жеңімпаз атанды, командалық ойында біздің ойыншылар 3 - орын алды. Сонымен біздің студенттер Медициналық Лига турнирінің Мистері және Миссі номинацияларында Сейдалы Ерзат  (3-045 ЖМ) және Жайбагысова Надира (1-001 фарм) білімдарлығымен және ықыластылығымен жеңіп алды. «Намыс» пікірталас клубына жаңадан келгендерге тәжірибе үшін осы турнир жақсы болды, біздің ойыншылар елдің және облыстық басқа да турнирларда жеңіске жету жолына құштарлықтары оянды.

  «Намыс» пікірталас клубының қазақ лигасының жетекшісі  ретінде университеттің басшысын және Студенттермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөліміне берілген қолдау мен сенімділік үшін алғыс айтқым келеді.

«Намыс» пікірталас клубының жетекшісі

Рахметов Жандос (5-021 ЖМ)


0
18295

пікірлер

пікір қалдыру үшін.