Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
IV Халықаралық кардиологтар мен терапевтер форумы (к. Мәскеу)

IV Халықаралық кардиологтар мен терапевтер форумы (к. Мәскеу)

15 Сәуір 2015

№1 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор Д.Ж. Тайжанова және кафедра ассистенті медицина магистрі О.А. Вистерничан 2015 жылдың 29 наурыз  және 1 сәуір аралығында Мәскеу қаласында өткен IV Халықаралық кардиологтар мен терапевтер форумынына қатысты. Форумның ғылыми бағдарламасында кардиологияның барлық салаларына қатысты, оның ішінде кардиохирургия, интервенциялық аритмологияға, реабилитаголгияға, спорттық медицинаға, балалар мен жасөспірімдер кардиологиясына қатысты 48 ғылыми симпозиумдар, баяндамалар жасалды және медицинаның басқа да салаларын қамтыған, оның ішінде терапия, эндокринология, гастроэнтерология, нефрология, неврология, отбасылық медицина және реабилитология сұрақтарына қатысты баяндамалар тыңдалды.

Сонымен қатар, Форум деңгейінде 130 постерлық баяндамалардың жасалуымен 4 постерлық сессия өтті. Оның ішінде №1 ішкі аурулар кафедрасының қызметкерлерінің қатысуымен 8 постерлық баяндама жасалды. Жасалған баяндамалар ішінде О.А. Вистерничан«Тәж артерияларының рестенозының дамуына липидті алмасу көрсеткіштерінің, коагуляция жүйесінің және гемостаз жүйесінің гендерінің  әсері» тақырыбындағы баянамасы ерекше аталып өтті.

Форумға қатысуға мүмкіндік жасаған ҚММУ ректоры Р.С. Досмагамбетова және ректорат ұжымына үлкен алғысымызды білдіреміз. 

№1 ішкі аурулар кафедрасы.


0
17833

пікірлер

пікір қалдыру үшін.