Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«ҚММУ аруы-2015» тәжін Махаббат Түктібаева иеленді

«ҚММУ аруы-2015» тәжін Махаббат Түктібаева иеленді

30 Сәуір 2015

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде ең әдемі бойжеткенді таңдады. Кезекті рет әйелдер қауымына олардың тек студенттер ғана емес, алайда әдемі өнерлі бойжеткендер екенін еске салуға шешім қабылданды.

22-сәуірде К.С. Станиславский атындағы театрда жастармен жұмыс жөніндегі бөлімі «ҚММУ аруы-2015» байқауын ұйымдастырды. Финалға университеттің түрлі факультеттерінде және медицина колледжінің 1-3 курсында оқитын 10 бойжеткен жетті.

 

Есте қаларлық жағдай, өткен жылдардың жеңімпаздары Карина Сейтмұратова (ҚММУ аруы-2013) жәнеҚымбат Естаева (ҚММУ аруы-2012) бойжеткендерге байқау нөмірлерін және дефиле көріністерін дайындауға көмектесті.

Байқауға қатысушыларды келесі құрамдағы әділ-қазылар алқасы бағалады: «RMAStudioModels» ЖШС директорыНадежда Попова, «Snapстудия» директоры Ардақ Оспанов, «Конферансье» үйірмесінің жетекшісі Айжан Кабдушева, «Клиника смеха» КТК үйірмесінің жетекшісі Алма Жакеева.

Байқау жеті кезеңнен құралды: дефиле «Клеопатра», визит карточкасы, ұлттық костюмдердегі дефиле, сұрақ-жауап, өнер, вальс, кешкі киімдердегі дефиле.

Байқау қорытындысы бойынша:

«ҚММУ IВице аруы-2015» Айгүл Табриз (2-002 Стом),

«ҚММУ IIВице аруы-2015» Дина Алибаева (1-085 ЖМ),

«ҚММУ көрермендер көзайымы аруы-2015» Нил Ротхоре (3-004 ЖМ),

«ҚММУ өнер аруы-2015» Жадра Молдабаева (1-003 МПІ),

«ҚММУ сымбат аруы-2015» Дина Нұралиева (1-089 ЖМ),

«ҚММУ сүйкімділік аруы-2015» Айсара Жолшыбек (2-037 ЖМ),

«ҚММУ интеллект аруы-2015» Әсем Жармаева (1-064 ЖМ),

«ҚММУ фантазия аруы-2015» Нина Поляева (1-078 ЖМ),

«ҚММУ көңілді ару-2015» Мадина Махмұдкалова (101 КДС, медицина

колледжі).

«ҚММУ аруы-2015» атағына ие болғанМахаббат Түктібаева (2-075 ЖМ), «ҚММУ аруы-2015» жеңімпазы Айдана Молдабекованың қолынан тәж алды. 

Жұлдыз Қуаныш

профилактикалық медицина, биология және фармация

факультетінің СӨӨБК-нің төраға орынбасары,

3-005 ҚДС тобының студенті


0
21390

пікірлер

пікір қалдыру үшін.