Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Сақта жолдың тәртібін

Сақта жолдың тәртібін

05 Мамыр 2015

2015 жылдың 27 сәуірінде жастар арасында  жол көлік және тұрмыстық жарақаттың алдын-алу айлығы аясында Жастармен жұмыс жөніндегі бөлімнің жетекшілігімен Студенттік өзін-өзі басқару комитетінің (әрі қарай - СӨӨБК) құқықтық–патриоттық тәрбие жөніндегі секторымен зияткерлік ойын өткізілді. 

Ойынымыздың қатысушылары 1-курс студенттері: Серік Иманбай (1-006 ЖМ), Ринат Мұхамедғали (1-006 ЖМ), Дархан Еламанов (1-006 ЖМ), Дархан  Әлеумет (1-006 ЖМ), Мөлдір Асанқұлова (1-006 ЖМ), Еділ Бейсеков (1-053 ЖМ), Бексұлтан Нұрғазиев (1-033 ЖМ).

Ойынымыздың әділ-қазылар алқасы:

Альбина Жақсылыққызы Жакенова – «Ақжүніс» medical lady vitae президенті

Темірлан Қуатбекқызы Саматов– СӨӨБК-ның ғылыми сектор жетекшісі

Ойын үш кезеңнен тұрды:

1 кезең- «Викториналық сұрақтар»

2 кезең- «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік»

3 кезең- «Алғашқы көмек»

Ойын қатысушыларымызға жол ережелері мен жарақаттанған адамға алғашқы көмек көрсету ережелерін қайталауға өз көмегін тигізді.

Үш кезең қорытындысы бойынша:

1 орын - Әлеумет Дархан  1-006 ЖМ

2 орын - Иманбай Серик 1-006 ЖМ

3 орын - Бейсеков Еділ 1-053 ЖМ

Қатысушыларымыз диплом, алғыс хаттармен марапатталды.

Зияткерлік ойынға белсенді қатысқан 1-курс студенттеріне алғысымызды білдіреміз және оқуда сәттілік тілейміз.

Әділбек Күляйм

1-028 ЖМФ топ студенті


0
17751

пікірлер

пікір қалдыру үшін.