Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Про Федота- стрельца, удалого молодца» спектаклінің тұсаукесері

«Про Федота- стрельца, удалого молодца» спектаклінің тұсаукесері

05 Мамыр 2015

3  сәуірде, ҚММУ бас ғимаратының акт залында Леонид Филатовтың пьессасы бойынша ҚММУ театр өнері үйірмесінің қоюымен «Про Федота-стрельца, удалого молодца» спектаклінің тұсаукесері болып өтті. Пьесса "Поди туда, не знаю куда" орыс халық ертегісінің желісі бойынша жазылған. Спектакль көрермендерге толы болды, ҚММУ қызметкерлері және студенттері ғана емес, басқа қалалардан келіп оқып жатқан оқушылардың туысқандары, ата-аналары да тамашалады.

  Шығарманың дәстүрлі кейіпкерлері жаңаша кейіпте ойнады – Патша (Е.Мұсабаев 3-012ЖМФ) және оның  нөкер-күзетшілері (Е.Рас 2-084 ЖМФ, Е. Бағытжанов 1-020 ЖМФ),  Генерал (Т.Коробейников 2-095 ЖМФ), Федот –садақшы (А. Исказин 2-095 ЖМФ), Маруся (Г.Нұрқайдарова 1-039 ЖМФ), Баба-Яга (К.Қонысбеков 2-084 ЖМФ), Молодцы-көмекшілер Тит Кузьмич (Д.Ыбырай 3-016 ЖМФ) және Фрол Фомич (А.Кенесов 2-065 ЖМФ), Голос (Б.Жаркешов 2-084 ЖМФ). Леонид Филатов қойылымға ертегі-дереккөздерінің кейіпкерлеріне қосымша Ханшаны (Ж.Қуаныш 3-005 ҚДС) және Бала күтуші (Ж. Жұмаділова 3-016 ЖМФ), сонымен қатар эпизодтық кейіпкерлерді  - шетел елшісін (И. Худайназаров 1-005 Стом, А.Тоқашов 1-020 ЖМФ) енгізді. Сонымен қатар, ертегінің барлық желісін сайқымазақ жүргізді (С.Алиұлы 3-016 ЖМФ және Д.Ибраимов 3-072 ЖМФ) .

  2014 жылдың желтоқсанынан студенттер сабақтан соң және демалыс күндері спектакльға дайындық жұмыстарын жүргізді. Үлкен еңбектің арқасында спекталь ғажап шықты. Барлық ойнаған актерлер өздерінің соны костюмдармен және ашық түсті бояуларымен барлық көрермендердің есінде қалды, ал ертегідегі цитаталар бір сәтте университет бойынша тарлады.

  Көрермендер студенттердің ойынын өте жоғары бағалады. Және бұны сөзбен жеткізуге болмас! Спектакль барысында тыныштық сақталды және оны тек көрермендердің ақырын күлкісі бұзды.

  «Мен театрға барғанды ұнатамын. Мені «Про Федота- стрельца, удалого молодца» театрландырылған қойылымға шақырғанда қуанышпен қабыл алдым, дегенмен бізде осындай іс-шаралар аз өткізіледі. Зал толы болды! Мен спектакльден көптеген жағымды эмоциялар алып, көтеріңкі көңіл – күйге бөлендім. Біріншіден, грим мен әрбір кейіпкердің өзгеше қызықты киімдері мені таң қалдырды, олар осының барлығын қайдан алды екен, олар жас актерлерге мінсіз дәл келді. Жалпы алғанда, спектакль жалғансыз және түзетусіз, біздің жас таланттар үшін жоғары деңгейде өтті, барлығы керемет болды... Барлығы осылай тоқтап қалмай, өздерінің дағдыларын одан әрі жетілдірулеріне тілектеспін! Осындай қойылымдар көбірек болсын! Жарайсындар!!!» - деп спектакль туралы көрермендердің бірі жаңа туындыға шабыт беретін жылы лебізін білдірді.

  Спектакльдың соңғы сценадасынан кейін залда көрермендердің қошаметтері көпке дейін үзілмеді.

 

Жібек Жұмаділова (3-016 ЖМ)

Театр өнері үйірмесінің және «Феликс дәрігер» жобасының жетекшісі


0
17909

пікірлер

пікір қалдыру үшін.