Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Ұлы Отан соғысының белгісіз беттері» оқытушылар және студенттер арасындағы пікірталас турнирі

«Ұлы Отан соғысының белгісіз беттері» оқытушылар және студенттер арасындағы пікірталас турнирі

15 Мамыр 2015


2015 жылы 5 мамырда пікірталас турнирінің қазақ және орыс лигаларымен оқытушылар және студенттер арасында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ұлы Отан соғысының белгісіз беттері» пікірталас турнирі болып өтті. Екі ұрпақ, өмірге екі көзқарас кездесті. Турнирдің қатысушылары өткен жылдардағы әдебиеттерді қарап үлкен қормен келді.

Таңдау оқытушыларды оппозиция рөлінде, студенттерді – үкімет ретінде айқындап берді. «Бұл палата ҰОС уақытында тұтқындарға жүргізілген эксперименттер ақталмады, бірақ олардың нәтижелері ғылымға ауырған адамдардың игілігі оның одан әрі дамуына ықпал етті» тақырыпқа ойнады. Оқытушылар Ұлы Отан соғысы уақытында тұтқындарға жүргізілген тәжірибе және медициналық зерттеулер ақталды, ал студенттер осының барлығы ақталмады: ғылыми ашылулар миллиондаған адамдардың қасіретіне тұрмайтындығын дәлелдеді.

Бірақ, оқытушылардың позициясы қиын болса да, олар парламентарияға (көрермендерге) өздерінің ойларын жеткізе білді. Олар өздерінің позицисын, әрбір сөздерін нақты дәлелмен келтіре отырып дәлелдеді, парламент мүшелері ¾ дауыспен қадірлі оқытушыларға жеңісті берді. Олардың дәлелді сөздері тарихи деректермен келтіріліп қана қоймай, сол жылдардағы медициналық жетістіктерді келтірді, сол сәтте біздің медицина оларсыз дамымас еді.

Ойын соңында, ойынның үйлестірушілері Игорь Фисенко және Жандос Рахметов олар турнирдің қарары бойынша өздерінің пікірлерін білдіру үшін сөз кезегін парламент мүшелеріне ұсынды. Барлық қатысушылар адамдарға қатал және адамгершілікке жатпайтын тәжірибелер, сол жылдардағы қателіктер, қандай жағдай болмаса да келешекте қайталанбауы тиіс деген ортақ шешімге келді. Бұл біздің тарихымыз: біз оны қабылдаймыз, бірақ қайғылы жағдайды қайталауға талпынбаймыз.

Ойын нәтижесі бойынша грамоталар табыс етілді және ескі пікірталас дәстүрі бойынша бір-бірімен қол алысты.

ИгорьФисенко

2074 ЖМ

ҚММУ «INSIGHT» пікірталас клубының жетекшісі


0
17078

пікірлер

пікір қалдыру үшін.