Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды

15 Мамыр 2015

Жыл сайын 9 мамыр қарсаңында Қарағанды қаласының госпиталінде соғыста жарақаттан қаза болған жауынгерлерге арналған Бауырластар қабірін және Кеңес Одағының батырлары Камалдинов Фарах Гимдеевич пен Шиляев Федор Федоровичтің қабірлерін тазалап, жақсарту – ҚММУ Әскери кафедраның жеке құрамы мен студенттерінің арасында жақсы дәстүр болып қалыптасқан.

Сәуір айының соңында, жаңбырлы ауа-райына қарамастан, университетіміздің Әскери кафедрасының 3-курс студенттері Бауырластар зиратын тазалап және жақсартуға белсенді түрде ат салысты.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл толу қарсаңында ағымдағы жылдың 2 мамыры күні Михайлов зиратында Бауырластар қабірінде жерленген жауынгерлерге арналған ескерткіште митинг ұйымдастырылды.

Жауынгерлерді еске алуға арналған шараны Әскери кафедра бастығы, медицина ғылымдарының кандидаты, медицина қызметінің полковнигі Мұхаметжанов Амантай Мұқанбайұлы ұйымдастырып, кафедраның жеке құрамы мен «Жалпы медицина және стоматология» факультетінің 3-курс топтарының студенттері қатысты.

Амантай Мұқанбайұлы өзінің алғы сөзінде соғыста жоғалтқанымыз зор, ауыртпашылығы ауыр болғанын, соғысқа аттанған жауынгерлердің жартысы мәңгілікке сонда қалғанын, соғыста қаза болғандар жауынгер жолдастарымен бауырластар қабірінде жерленгенін атап өтті. Біз бүгін келешек ұрпақ өмірі үшін ойланбастан ең қымбаты – өз өмірлерін қиған жандарды еске аламыз.

Әскери кафедра бастығы сөз алған соң, студенттер әскери-патриоттық  өлеңдер оқып, соғыста қаза болғандардың барлығына бір минуттық үнсіздікпен құрмет көрсетті.

Митингінің соңында жиналғандар соғыста қаза тапқан жауынгерлердің ескерткішіне және Совет Одағының Батырлары Камалдинов Фарах Гимдеевич пен Шиляев Федор Федоровичтің қабірлеріне гүл шоқтары мен алқагүл қойды.

Гүл шоқтарын қойыңдар,

Үнсіздікте тұра тұр.

Ащы зар өлең шумағы

Бәлкім бүгін айтылар.

ҚММУ Әскери кафедрасының

аға оқытушысы,

запастағы подполковник С.И. Горшков


0
17652

пікірлер

пікір қалдыру үшін.